2024 жылдың 10 сәуірі күні сағат 16.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» атты танымдық кеш өткізді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Танымдық кешке Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» төрағасы Сергалина Рауза Сатымқызы, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» мүшесі Алашбаева Гүлжайнар Серғазықызы мен Лариса Ноиколаевна, колледж студенттері, №34 орта мектебінің оқушылары қатысты.
Танымдық кеш аясында «Аналар кеңесінің» төрағасы Рауза Сатымқызы ата-анаға деген баланың махаббатын ояту, отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдылықты, мейірімділікті, достық қарым-қатынасты қалыптастыру жайында түсіндіріп, өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау қажеттігін айтып берді. Сонымен қатар оқушылар өздерінің ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.
«Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Лаура Ерікқызы библиографиялық шолу жасады.