Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Тұғыр мен ғұмыр»

 2023 жылдың 12 қаңтары күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармасына арналған «Тұғыр мен ғұмыр» атты әдеби-танымдық сабақ Ақтөбе педагогикалық колледжінде өткізді.

 Мақсаты: Төлен Әбдіктің шығармашылығын насихаттау. Жасөспірімді, қоғамды кітап оқуға, кітапханаға шақыру.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акцияға, жалпы халықтық оқуға қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармалары таңдалды. Шара барысында жастар Т.Әбдіктің шығармашылығы  жөнінде ой бөлісіп, Дтр-101 тобының студенті Жолай Райса «Төлен Әбдік» деген өлеңді оқыды.

«Болмысы бөлек тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары және ол туралы жазылған баспасөз мақалалары қойылды. Жазушы Төлен Әбдік жайында бейнебаян тамашалады. Шараға колледжі студенттері  қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС