Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сағи лирикасы сурет әлемінде» атты республикалық сурет байқауының қорытындысы

2024 жылдың 15 мамыры күні сағат 11.00-де Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы лирик ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Сағи лирикасы сурет әлемінде» республикалық сурет байқауын өткізді.

Мақсаты: Жастардың елестету, қиялдау қабілеттерінің және көркем шығармашылығының дамуына үлес қосу; Сағи Жиенбаевтың өлеңдерінің мазмұнын суреттеу арқылы оның ерекшелігін көрсету, бейнелеу.

 Байқаудың әділ қазы мүшелері: Қайрат Ноғаев – Қазақ-орыс халықаралық университеті дизайн мамандығының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі; Гүлсезім Бауыржанқызы – Ақтөбе облыстық өнер музейінің кіші  ғылыми қызметкері; Индира Өтеміс – ақын, ҚР журналистер одағының мүшесі, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері;

Кеш қонақтары: Гүлжайнар Нәренқызы – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық ақындар мүшәйраларының жеңімпазы, республикалық жас қаламгерлер фестивалінің лауреаты, Тұманбай Молдағалиев атындағы арнайы сыйлықтың иегері, Мағжан Жұмабаевқа арналған республикалық жыр мүшайрасының жүлдегері; Алмагүл Сарыбаева – Мәдениет саласының ардагері; ҚР мәдениет саласының үздігі; Республикалық «Ана» журналының редакторы; ҚР журналистер одағының мүшесі;

Іс-шараны ҚР журналистер одағының мүшесі, Республикалық «Ана» журналының редакторы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Мәдениет саласының ардагері Алмагүл Сарыбаева ашты. Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармониясының әншісі Нұрлан Әбдіков ақын С.Жиенбаевтың сөзіне жазылған «Ауыл қарттары» әнін орындаса, ал кітапхана қызметкері Әкімжан Сержан «Айналдым әнім» әнін шырқады. Қалалық Абай атындағы кітапхананың оқырмандары ақынның өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің оқушысы Мәди Өмірбай «Ерке сылқым» күйін тартты.

Байқаудың шарттары: Қатысушылар Сағи Жиенбаевтың сюжеттік өлеңдері мен балладаларының желісімен сурет салып, суретке міндетті түрде түсіндірме жазбасын жазады.Жіберілген суреттер мен сипаттамасы байқаудың тақырыбына сай болуы қажет. Жұмыс форматы А-3 қатты қағазға бейнеленіп жолданады.

Байқауға барлығы 136 үміткерлердің жұмыстары қабылданып, қазылар алқасының шешімімен байқауға қатысушы жеңімпаздар қорытындылау кешіне шақырту алды. Қазылар алқасының мүшелері байқау жұмыстарының ішінен үздік жұмыстарды іріктеп, жеңімпаздарға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Байқаудың жеңімпаздары: Бас жүлдені – Ұлықбек Талғатұлы. Атырау облысы. 1-орын – Әкімжан Аманжан. Қобда ауданы. 2-орын –  Гаухар Қуанышбаева. Ақтөбе қаласы. 3-орын Байғанин ауданынан Ақнәзік Әуелбаева және Ақтөбе қаласынан Камила Давлеталина, ал Ақтөбе қаласынан Гүлсезім Базарбай және Шалқар ауданынан Әсемай Мухамбеталина ынталандыру ін жеңіп алды. Шара соңында кітапхананың директоры Гүлнар Рамазанқызы келген қонақтарға, байқауға қатысқан қатысушыларға алғысын білдірді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС