Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мейрамбек бағындырған мың белес»

2022 жылдың 26 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Грек-Рим күресінің әлем және Азия чемпионы, ересектер арасында Қазақстан чемпионатының 6 дүркін чемпионы, Әлем біріншілігінде ересектер арасында өткен Париж және Нұр-Сұлтан қаласында әлем жүлдегері, 2018 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2022 жылы Моңғолия елінің астанасы Улан-Батор қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Мейрамбек Айнағұловпен «Мейрамбек бағындырған мың белес» атты кездесу кешін өткізді.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпаққа еліміздің намысын қорғап, абыройын асқақтатқан Мейрамбек Айнағұловты таныстырып, үлгі ету. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастырып, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Кеш барысында Мейрамбек Айнағұлов өзінің балалық шағынан бастап, спортқа алғаш жасаған қадамы жөнінде әңгімелеп, бастан кешкен қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ол биік белеске төзімділікті үйлестіре білген адам ғана айналысып, биік шыңдарға жетеді,- дейді. Сонымен қатар оқырмандардың бар сұрақтарына жауап беріп, өзінің мақсатқа жету жолындағы көрген қиындықтары мен қуаныштарымен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар көрсетіп, ақыл-кеңестерін де айтып өтті.

Іс-шарада ктіпа көрмесі жасақталып, спортшының өмірбаяны, жеткен жетістіктері жайында бейнебаян, слайд көрсетілді. Шараға Автожол колледжінің студенттері, №36 орта мектебінің оқушылары, ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебінің» курсанттары қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС