Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Күлкі – жанның шипасы»

2023 жылдың 29 наурызы күні сағат 16.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында 1 сәуір – Күлкі күніне орай «Күлкі – жанның шипасы» атты «Екі езу» сатира театрының әртістерімен кездесу кешін өткізді. 

Мақсаты: Жасөспірімдерге адам өміріндегі күлкінің маңызды екенін түсіндіру. Өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Оқырмандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

Шараға «Екі езу» сатира театрының әртістері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері мен №39 орта мектебінің оқушылары, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.

Іс-шара барысында театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлыбек Жұбатқан мен әртістеріне театр және әзіл-сықақ қойылымдары туралы сұрақтар қойылып, сұхбат болды. Театр әртістері «Тіс дәрігері» сахналық қойылымын қойып, көрермендер олардың өнерін тамашалап, түрлі сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар «Ақпарат», «Әңгіме құрау», «Сөз жасыру» сияқты қызықты ойындар ойнатылды. Кітапханамыздың жобасы «Библиокафеден» театрдың жастары Диас Өтес пен Досбол Бостан мәзір бойынша «Мақал-мәтел» макаронына тапсырыс беріп, мақал-мәтелдер оқыды. «Пародия» пахлавасын таңдаған Гүлсім Кәкімжанқызы әнші Жанар Айжанова мен Мақпал Жүнісоваға пародия жасады. Досбол Бостан лирикалық өлең оқыды. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы қатысушыларға ыстық ықыласын білдіріп, естелікке сыйлық табыстады.

 Кездесу кешіне тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, бейнеролик көрсетілді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС