Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Кітап әлеміндегі Әлия»

2023 жылдың 22 ақпаны күні сағат 11.00-де C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Кітапхана ісінің үздігі» Төлекова Әлия Кенжеғазықызының зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты «Кітап әлеміндегі Әлия» атты бенефис кешін өткізеді.   

Мақсаты: Өз жұмысының шебері, Әлия Кенжеғазықызының өнеге істерін жас мамандарға үлгі ету. Көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Кеш қонақтары: Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Өтекешова Манаргүл Жаубасарқызы; «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Табельдинова Назира Сарсенбайқызы; Ұзақ жылдар бойы кітапханамызда басшылық қызметте болған,  зейнеткер Қауымбаева Сағым Досымқызы, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры Құрманалина Әсия Тәжібекқызы, кітапхана жанашырлары.

Әлия Кенжеғазықызы ұзақ жылдар бойы кітапхана саласында «Құжаттарды жинақтау, өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.  Ол   жастарға  және  кітапхана   ұжымына   үнемі   әдістемелік   көмек  көрсетіп отырады. Әріптестерімен  іскерлік   қарым-қатынаста    білікті,    өз тәжірибесімен    жас   кітапханашыларға   үлгі-өнеге    көрсете  білетін  тәжірибелі  маман. Әрдайым  жұмыс  барысында  көмек  көрсетуге  даяр,  адамгершілігі  мол  және  кітапхана  ұжымы  арасында  сыйлы  қызметкер.

Шараға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Манаргүл Жаубасарқызы келіп, құттықтау сөз сөйлеп, кешті ашып берді. Снымен қатар кәсіптік одақ қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Назира Сарсенбайқызы мен ұзақ жылдар бойы кітапханамызда басшылық қызметте болған,  ардагер Сағым Досымқызы құттықтап, өнерлі әріптесіміз Әкімжан Бейбітшілікұлы әсем ән айтты. Кітапхана қызметкерлері Әлия Кенжеғазықызына арнаған ән-шашуларын орындады. Шара барысында Әлия Кенжеғазықызының өмірі туралы бейнеролик көрсетіліп, іс-шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы құттықтау сөз сөйлеп, ұзақ ғұмыр, денсаулық тіледі. Кітапхана ұжымының атынан естелікке сыйлық табыстады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС