Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Жаңарған әлем, жаңашыл кітапхана»

2022 жылдың 31 мамыры күні сағат 9.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Рухани қазына 2022» фестивалінің жүлдегерлерінің қатысуымен «Жаңарған әлем, жаңашыл кітапхана» атты шеберлік сағатын өткізді.

Мақсаты: еліміздегі мәдениет және өнер саласы қызметкерлері, үздік мамандар мен ұжымдарды ардақтау, өзара тәжірибе алмасу және өңірлердегі мәдени нысандардың имиджін нығайтуға бағытталған әлеуметтік-мәдени және білім беру жобаларының озық үлгілерін насихаттау.

Шеберлік сағатын қонақтары: «Рухани қазына 2022» фестивалінің жүлдегерлері Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорларды ғылыми зерттеумен қамтамасыз ету бөлімінің суретші-қалпына келтірушісі Болат Атыраубаев; Қарғалы аудандық мәдениет үйінің қызметкері және дыбыс режиссері Асқат Жөкешұлы; Қарғалы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының міндетін уақытша атқарушы  Қанат Талапбайұлы және «Рухани қазына 2022» облыстық байқаудың жеңімпаздары Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музеінің экскурсия жүргізушісі Медет Ерниязұлы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Гүлнұр Ихсанғалиева.

Қатысушылар «Рухани қазына» байқауына ұсынған үздік жобаларының ерекшеліктері туралы айтып, алдағы уақыттағы тың жобаларымен бөлісті. Шараға облыстық кітапхана қызметкерлері мен аудандық және қалалық мектеп оқытушылары қатысып, сұрақтарына жауап алып, қызығушылық танытты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС