Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Жат діннен сақтан, жасөспірім!»

2022 жылдың 15 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан мемлекеттік діни басқармасының жастар ісі секторы Ақтөбе облысы бойынша өкілі, «Бақытжан» мешітінің бас имамы Мизамов Ержан Маратұлымен «Жат діннен сақтан, жасөспірім!» атты рухани-танымдық сұхбат өткізді.

Мақсаты: жас  ұрпаққа  рухани – тәлімдік тәрбие беру, жастарға Ислам дінінің  негіздерін  түсіндіре отырып,  имандылыққа, адамгершілікке  тәрбиелеу. Жат ағымдар бойынша діни терроризм мен эктремизмнің алдын алу. Жастар санасына және қоғамға ірткі салатын дәстүрлі емес, жат ағымдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын жасөспірімдер санасына ұғындыру.

Кеш барысында бас имам Ержан Маратұлы жат ағымдардан қалай сақтану керек екенін, ислам дінінің артықшылығын, тәрбие отбасынан басталатынын, жастарға имандылық жолын интернеттен іздемеу қажеттігін түсіндіріп, сырттан келген жат ағымдардан сақтану жолдары жайында айтты. Сондай-ақ олар жасөспірімдер тарапынан дін мәселесіне байланысты қойған сұрақтарына жауап беріп,  қызықты әңгімелерімен  бөлісті.

«Ислам діні – мұсылман әлемі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Айғаным Бекжан библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай бейнеролик, слайд көрсетілді. Шараға С.Баишев жоғары медициналық колледжінің студенттері, №34 орта мектебінің оқушылары мен оқырмандар, кітапханашылар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС