Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Домбыра –күмбірлеген дәуір жыры»

        5 шілде күні Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында домбыра күніне орай «Домбыра –күмбірлеген дәуір жыры» жыршы Әділбек Саринмен кездесу өтті.

      Мақсаты: Қазақтың жыр өнерін дәріптеп, дәстүрлі өнердің құдіреттілігін терең түсіндіріп, жастарға мән-мағынасын ұғындыру.

Кездесудің қонағы жыршы, «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі «Жыл адамы- 2023» атағының иегері Әділбек Сарин және оның шәкірттері болды.

  Шара барысында дәстүрлі өнерімізді өлтірмей, өскелең ұрпақтың жадында жаңғыртып жүрген өнердің  жанашыр азаматы домбыра күнімен құттықтап лебізін білдірді. Замана зары, өмір шындығы, ел ерлігі деген ізгі қасиеттердің бәрін өнер саңылақтары әнмен мұра етіп қалдырып кеткен. «Осы бай мұраны жас жеткіншектерге жеткізуді парызым деп санаймын»: деді Әділбек Сарин. Шараға қатысушылар жыршының өнерімен сусындап, шәкірттерінің өнерін тамашалады. Кездесу соңында кітапхана директоры Г.Сейталина қонақтарға алғысын білдіріп, жас жеткіншектерді өнерге, әдебиетке тарту мақсатында  алдағы уақытта да бірлесе жұмыс жасау жалғасын таба беретіндігін жеткізді.