Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

2024 жылдың 24 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай №33 қазақ орта жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» оқырман конференциясын өткізді.

Мақсаты: Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау, сондай-ақ жасөспірімдерге рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру.

Шара барысында кітапханашы Азатгүл Жасұланқызы жазушы Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат берді. 6 «А»класс оқушылары Жанерке Исатаева, Нұрбол Закерия, Самат Дияр мен Ахметқан Сұлтан қаламгердің өлеңдерін оқып, «Менің атым Қожа» шығармасынан көрініс қойды. Сергіту сәтінде оқушыларға «Kahoot» ойыны ойнатылды.

«Балалар әдебиетінің шебер суреткері» кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС