Бөлімнің ең басты міндеті мен атқаратын қызметі түрлі білім салаларын тұтас қамтитын басылымдар түрін жинақтау, яғни кітапхананың кітап қорын толықтыру. Оқырмандардың сұранысын негізге ала отырып әдебиеттерге тапсырыс береді. Кітапхананы әдебиеттермен толықтыру және өңдеу қазіргі заман талабына сай жан-жақты жүзеге асырылады. Жаңа түскен әдебиеттер «Web РАБИС» бағдарламасы бойынша электрондық каталогқа енгізіледі. Сонымен қатар толықтыру және өндеу бөлімі алфавиттік, жүйелік, қызметтік каталогтар жүргізеді.
Негізгі кітап қорын толықтыру көздері кітап дүкендері, арнайы баспалар, мерзімді басылымға жазылу, арнайы орталықтар, жеке адамдардың, жергілікті ақын жазушылар мен зиялы қауым өкілдерінің сыйға тартқан кітаптары есебінен жүргізіледі.Кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен бірге, дәстүрлі емес ақпарат тасмалдаушы көздер компакт дискілер, видео-аудиокассета, электронды оқулықтармен толықтырылуда.