Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Ымырттағы кітапхана

2024 жылдың 28 наурызы күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында рухани және қазақы бағыттағы әйелдер эксперті, филология ғылымдарының магистрі Аманша Ниязова «Еркін сөйле» атты ораторлық шеберлік сағатын өткізді.

Мақсаты: жастарды ораторлық өнер негіздеріне, презентациялар өткізуге, қорқыныш пен қобалжудан құтылуға, сөзді дұрыс айта білуге, сонымен қатар дауысты дамытуға арналған негізгі жаттығуларға үйрету.

Шара аясында кітапхана оқырмандары мен кітапханашылар ораторлықтың негізгі бағыттарын талқылап, аудиторияға әсер ету әдістерін үйренді. Сонымен қатар оратор Аманша Ниязова белгілі ораторлардың сөй сөйлеудегі ерекшеліктерін айтып, қатысушыларға арнайы тапсырмалар берді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС