Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сәулетті сөздің шебері»

2024 жылдың 16 мамыр күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ақын С.Жиенбаевтың туғанына 90 жыл мерейтойына Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасымен бірлесе «Сәулетті сөздің шебері» онлайн кездесу кешін өткізді.

Кездесу кешінің қонағы Мәдениет саласының ардагері; ҚР мәдениет саласының үздігі; Республикалық «Ана» журналының редакторы; ҚР журналистер одағының мүшесі Алмагүл Сарыбаева.

Мақсаты: Ақынның шығармашылығын насихаттау. Жасөспірімдердің рухани дамуына ықпал жасау.

Кездесу барысында ақын жайында естеліктер мен пікірлер айтылып, Маңғыстау кітапханасының оқырмандары ақынның жыр шумақтарынан өлеңдер оқыды.  Сонымен бірге ақынның сөзіне жазылған әндер айтылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС