Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Сара бейнеленген ана образы»

2024 жылдың 24 маусым күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы кітапхана оқырмандары арасында «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында таңдалған тұңғыш романист қызы атанған Сара Мыңжасарованың шығармалары бойынша «Сара бейнеленген ана образы» ауызша журналын өткізді.

Мақсаты: өлкемізден шыққан жазушының шығармашылығын оқырмандарға жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. 

Шара барысында қаламгерлің өмірбаяны мен шығармашылығы жайында ақпараттар айтылды. Кітапхана қызметкері Шырайлым Құдасова тақырыпқа сай кітап көрмесіне библиографиялық шолу өткізді.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС