Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мен ұнатқан кейіп кейіпкер»

2024 жылдың 27 маусым күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облыстық арнайы (түзету) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат колледжінде «Мен ұнатқан кейіпкер» ойын саяхатын өткізді.

Мақсаты: жасөспірімдерді шығармадағы кейіпкерлердің жағымды қасиеттерін байқата отырып, мейірімділікке, адамгершілікке баулу. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Шара барысында оқушылар өздерінің оқыған кітаптарынан ұнатқан кейіпкерлері жайында әңгімелеп, «Пазл құра», «Сөзді болжау», «Миға шабу» ойындарын ойнады. Тақырыпқа сай кітап көрмесін ұйымдастырып, Аяжан Утепбергенова библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС