Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Жастар діни экстремизмге қарсы!»

2024 жылдың 13 маусым күні сағат 11.00-де С:Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы оқырмандарға «Жастар діни экстремизмге қарсы!» библиомиксін өткізді. 

Мақсаты: Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау.

Шара аясында жастар қазіргі таңда қоғамды жайлап бара жатқан түрлі діни ағымдармен күресу, сақтану жолдары және әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ойларын түйіп, пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ қоғамға жат қылықтардан аулақ болу керектігі туралы кеңірек мәліметтер беріліп, парақшалар мен жаднамалар таратылды.

Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС