Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Ұлттық құндылық – рухани қазына» атты тренинг

2023 жылдың 13 шілдесі күні сағат 17.00-20.00 аралығында C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «ҚР Еңбегі сіңген қызметкер», Ел егемендгіне қосқан «Ерен еңбегі үшін» кеуде белгілерінің  иегері,  Қазақстан Республикасының «Алтын кітабы» энциклопедиясына енген ардагер ұстаз, өлкетанушы Серғалиева Райгүл Ақтөреқызының қатысуымен «Ұлттық құндылық – рухани қазына» атты тренинг өткізді.

Мақсаты: Ұлттық құндылығымызды, ата-баба дәстүрін насихаттау, ұрпақ бойына ұлттық менталитетті сіңіру, болашақ ата-аналардың бойына ұлттық қасиеттерді дарыту.

Іс-шара барысында Райгүл Ақтөреқызы атадан балаға жалғасатын ұлттық құндылықтарымызды айта отырып, отбасылық дәстүрлеріміздің маңыздылығын баяндады. Сонымен қатар «Дәстүрге жол» жобасының аналары мен көрермендер «Отбасы құндылықтарын ұрпағымызға толыққанды жеткізіп келе жатырмыз ба?», «Қазіргі отбасы қандай?», «Қазақ шаңырағында ұлттық салтымыз, дәстүріміз, ұлы бабаларымыз салып кеткен сара жол жалғасып келе ме және отбасындағы ұл мен қызға беріліп жатқан әке мен ананың тәрбиесінің маңыздылығы қандай?» деген сауалдарға өз ойларымен бөлісіп, пікір алмастырды.

Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС