Осы  шараға  арнайы  «Мен жазбаймын өлеңді ермек  үшін» атты  Қ.Шаңғытбаевтың  өмірі  мен  шығармашылығы  жөніндегі  мәліметтер  мен  ақынның  кітаптары, өлеңдер  жинақтарынан  құралған  кітап  көрмесі  ұйымдастырылды.

 

      Қонақтар  Қуандық  Шаңғытбаев  шығармашылығы  туралы  айтып,  поэзия  жөнінде  ой – пікірлерімен бөлісті.

    Қ.Жұбанов  атындағы  филология  факультетінің  оқытушысы  Өтеген  Жақыпов  Қ.Шаңғытбаевтың  шығармашылығы  бойынша   кандидаттық  диссертация  қорғаған. Оның  ақынның  өмірі мен   шығармашылығы  жөніндегі  әңгімесін студенттер  үлкен  қызығушылықпен  тыңдады.

     Ақын  Кәрім   Айнабеков  Қуандық  Шаңғытбаевпен  кездесу  естеліктерімен  бөлісті.  Ол өзінің алғашқы  кітабына  алғысөз  жазған  Қ.Шаңғытбаевты  шығармашылықтағы  жетекшісі  санайтындығын  білдірді.

   Қ.Жұбанов  атындағы  университеттің, гуманитарлық және кооперативтік  колледж  студенттері  Қ.Шаңғытбаевтың  өлеңдерін  мәнерлеп,  жатқа  оқыды.

    Ақтөбе мемлекеттік  педагогикалық  институтының студенттері  Кенбаев  Оразбек, Қазиева  Айтолқын, Тілеубаева  Айсәуле  және  тағы басқалары  ақынға  арнаған   өз  өлеңдерін  оқып  берді.

    Ақынның  сөзіне  жазылған   әндерді  облыстық  халық  шығармашылығы  үйінің  маманы Ешпанова  Амангүл  және  музыкалық  колледждің  студенті  Қасымов Жасұлан  орындады.

    Осы  Қ.Шаңғытбаевтың  85 жылдығына  арналған  әдеби – сазды  қонақжай  кешінің  аясында   «Ақ  қауырсын»  поэзия  клубының  тұсаукесері  өтті. Клуб  мүшелері – Ақтөбе  қаласының   жоғарғы  және  арнаулы  орта  оқу  орындарының  студенттері.

     Кітапхана  оқырмандарымен және  Ақтөбе  мемлекеттік  педагогика  институты,  Қ.Жұбанов  атындағы  университет, Ә.Молдағұлова  атындағы  гуманитарлық   колледж,  А.Жұбанов  атындағы  музыкалық колледж, кооперативтік  колледж  студенттерімен  кездесуге  келген қонақтар:

    - Ертай Ашықбаев – ақын, «Ақтөбе» газетінің  бас  редакторының  орынбасары,  Қазақстан   Жазушылар     

      Одағының   мүшесі;

    - Кәрім Айнабеков - ақын, Қазақстан   Жазушылар  Одағының   мүшесі.

    - Идош Асқар – журналист;

  - Нұрлыбек Қалауов ақын, Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің    аудармашысы,  Қазақстан  Жазушылар     одағының   мүшесі;

    - Өтеген Жақыпов – Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе университетінің филология факультетінің оқытушысы;

  Ардақ Қонақбаева – журналист.

МӘДЕНИ  ӨТКІЗІЛГЕН ШАРАЛАР

       25 ақпан күні сағат 1400де облыстық  С.Жиенбаев  атындағы  жасөспірімдер кітапханасының  оқу  залында  ақтөбелік  ақын, жазушы Қуандық  Шаңғытбаевтың    85 жылдығына  арналған  «Мен  жазбаймын  өлеңді ермек  үшін» атты  әдеби – сазды  қонақжай  кеші  өткізілді.

 

 

             ШУАҒЫН   ШАШТЫ  ӘЗ  НАУРЫЗ!

    Кітапханада  наурыз  мерекесіне орай жасөспірімдер оқуының жетекшілерінің  қатысуымен   «Шуағын шашты әз Наурыз!» мерекелік кеші  ұйымдастырылды. Кешке  жоғарғы  және арнаулы орта оқу орындарының кітапхана директорлары шақырылды.

       Кеш барысында  қатысушыларға салт-дәстүрлерге байланысты викториналық сұрақтар қойылып, көріністер көрсетілді.  «Арқан тартыс» ойыны ойналды. Белсенділік танытқан қатысушылар сыйлықтарға ие болды. Кеш соңы мерекелік дастарханға ұласты.

 

                        

«БОЛАШАҚҚА  МҰРА  2010-2011»

                                       

          Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына   

   Жолдауында  жастарға  жасалған  қамқорлықты  айта  келе,  

  «жастардың және еліміздің  басты капиталы – сапалы  білім»,   «жаңа  мамандық бойынша жұмыс  істегісі  келетін  әрбір    адамның  оқу  мүмкіндігі  болуы  тиіс» екендігін  нақты  атап 

  көрсетті. Бүгінгі  жаһандану  дәуірінде  жастарымыздың    қоғамның  жаңару  үрдісімен  үйлесімді  өмір сүре  білу  үшін    білімді, кәсіби  білікті мамандық  иесі  болуына  қолдау көрсетілуі     мемлекет  тарапынан әлеуметтік маңызды шара.

                        Рухани ақыл-ойдың сарқылмас білімнің қайнар бұлағы-КІТАП.  Сондықтан да  қоғамның  интеллектуалдық  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруда  ең басты  мәселелердің бірі  жасөспірімдерді  кітап  оқуға  және  оқу  мәдениетіне   тәрбиелеу,  талғамына,  таңдауына  сай  әдебиеттермен  ақпаратты  қызмет  көрсету  қазіргі  таңдағы  кітапхананың  негізгі  міндеті.

Кітапқа деген құштарлық пен жанашырлықты әрбір оқырманның аманаты ете отырып, мол мұрамызды жинақтап, насихаттау мақсатында облыстық  Сағи Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы «Кітап - ғасыр мұрасы » атты кітап мерекесін өткізеді

Осы 23 сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі аясында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Болашаққа мұра 2010-2011» акциясының салтанатты ашылуы болады.

Акцияның мақсаты: еліміздің баспаларынан Тәуелсіздік жылдары (1991жылдан) шыққан кітаптарды кітапханаға тапсырамын, демеуші боламын деген оқырмандардан кітап жинап, кітапханалық қорымызды толықтыру,  жастардың рухани-мәдени білімін көтеруде кең жариялықпен насихаттау.

Кітап екен адамның жан азығы,

Білім екен бұлжымас ой қазығы.

Дүние жисаң-кітап жи деген рас,

Жақсылықтан басқа бір жоқ жазығы-деп Мәриям Хакімжанова жырлағандай кітапханамыздың кітап қорын толықтыруға көмектесемін деген әрбір азамат, оқырман өзінің пайдаланған немесе жеке кітапханасынан кітаптарды осы Акция күндері тапсыруға болады.

ЕРЛІКТІҢ  МӘҢГІ  АЛАУЫ

Кітапханада 28 сәуір күні Ұлы  Жеңістің  65 жылдығы мен  Қазақстанның  халық  Қаһарманы,  Кеңес  Одағының  Батыры  Бауыржан  Момышұлының  100 жылдық  мерейтойы  аясында  «Ерліктің  мәңгі  алауы»  атты   Ақтөбе  қаласының  арнаулы орта оқу орындарының студенттері   арасында   байқау  өткізілді.

Байқаудың  тақырыбы: Ұлы  отан  соғысы  жылдарындағы  азаматтардың  ерлігі, жауынгерлік  дәстүрі, батырлығы, отансүйгіштігі  тақырыбында  жазылған  Қазақстандық  жазушылардың  шығармаларынан  проза, поэзия, ән  жанрларында  үзінділер  оқу,  қойылымдар  көрсете білу. 

Байқаудың  мақсаты: Рухани  және  мәдени  мұрамызды  насихаттау  арқылы  жастардың  отансүйгіштік, азаматтық және Отанына адал  қызмет  етуге  дайындық  сезімін  қалыптастыру.  Өнерлі  шығармашыл жастардың  білімін  көтеру, өнерге  баулуда  белсенділігін  арттыру.

        Байқауға  қаламыздың арнаулы орта оқу орындары  қатысты.

       Байқау қорытындысы  бойынша:

     - «Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы  прозаның  үздік сахналануы» номинациясын  иеленген -  Ақтөбе кооператив колледжі Б.Момышұлының  шығармаларынан «Ана  әмірі», «Соңғы  кездесу», «Адам қайраты».

     - «Ұлы Отан соғысы  тақырыбындағы  өлеңнің үздік сахналануы» номинациясын  иеленген – Ш.Берсиев атындағы ауылшаруашылық колледжі  орындауында Қалижан Бекхожин «Таң алдында», Булат  Окуджава «До свидания, мальчики», студент Цирфа  Андрейдің орындауында «Ұлы Жеңіске 65 жыл»  атты  арнау  өлеңі.

      - «Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы  әннің үздік сахналануы» номинациясын иеленген  - Ақтөбе техникалық колледжі  сөзі:  Б.Момышұлы  әні: Л.Хамиди «Солдат әні».

   Байқау жеңімпаздарына алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табысталды.

   Өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары  берілді.

   Байқауды  қорытындылау кезеңінде  оқырмандар «Ұлы Жеңіс даңқы мәңгілік» кітап көрмесімен   танысып, Әлия Молдағұлова  мен Бауыржан Момышұлы  туралы  кітаптар   бойынша  слайд–шолуын тамашалады.

                           

                                        

 

                                       

ЕРТЕҢІ  ЕҢСЕЛІ  ЕЛОРДА

  2 шілде күні Астананың күніне  орай «Ертеңі еңселі Елорда» тақырыбында оқырмандармен сұхбат жүргізді. Оқырмандар астанамыздың тарихы, экономикасы мен мәдениеті туралы мәліметтермен танысты. «Астана – нұрлы қала», «Астананың көрікті жерлері», «Менің саған сыйым болсын, Астана» слайдтары көрсетілді. «Астана  елімнің шырағы»  кітап көрмесіне шолу жүргізілді. Оқырмандар   Астана қаласының  тарихы  бойынша сұрақ-жауапқа белсене қатысты. Сондай-ақ шарада ақын Ертай Ашықбаевтың сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың « Астана  вальсі» әні шырқалды.

               

 

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҰРАТЫ

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҰРАТЫ

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҰРАТЫ

ЕЛБАСЫ ЖӘНЕ ЕЛ МҰРАТЫ

    5 шілде күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 70 жылдығына арналған «Елбасы және ел мұраты» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге мектеп оқушылары мен кітапхана оқырмандары келді. Оқырмандар Мемлекет басшысының «Елбасы», «Ғасырлар тоғысында», «Халыққа арнау», «Өзекжарды ойлар» және өзге де кітаптарымен танысып, слайд-шолуларды тамашалады.