Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Библио-студия»

2023 жылдың 1 ақпаны күні сағат 17.00-20.00 аралығында C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасы аясында «Библио-студия» бағдарламасы өтіп, кеш қонақтары әнші Саламат Ермағамбетов пен Шығармашылық Академиясының қосымша білім беру педагогі, әнші Нұртай Қайыржан қатысты.

Шараның мақсаты: Өлкеміздің өнерпаздары мен қаламгерлерін насихаттау. Оқырмандарды, жасөспірімдерді кітап оқуға шақыру. Бос уақыттарын тиімді өткізу.

Шара барысында әншілер Саламат Ермағамбетов пен Нұртай Қайыржанмен сұхбат жүргізіліп, «Түрлі арман» т.б. әсем әндер шырқалды. Олар өздерінің қызықты естеліктерімен бөлісті. Оқушылар өз тарапынан сұрақтар  қойып, қызықты әңгіме тыңдалды. Сондай-ақ логикалық, интеллектуалды ойындар ойнады. «Библио кафеде» №47 орта мектебінің оқушысы Жанар Жанахметова мәзір бойынша кітаптарға тапсырыс беріп,  өлең оқыса, кітапханашы Құрманалина Ардақ Кадировна мақал–мәтелдер айтты. Шара соңында кітапхана директоры Гүлжайнар Нәренқызы қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, естелікке сыйлық табыстады.

Іс-шарада тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталды. Шараға №47 орта мектебінің оқушылары, оқырмандар қатысты.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС