«Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен…»
2024 жылдың 19 наурызы күні сағат 15.00-де С.Жиенбаев атындағы болыстық жасөспірімдер кітапханасы 19 наурыз – «Жаңару күніне» орай Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат кешенінде «Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен…» атты этно әлеміне саяхат өткізді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара Н.Тілендиевтің «Ата толғауы» күйімен басталып, шашудан шашу шашылды. Одан әрі балалар «Қара жорға» биін биледі. Сонымен қатар оқушылар ұлттық ойынымыз асық ойынын ойнап, әжелеріміз салт-дәстүріміздің бірі бесікке салу рәсімін көрсетті. Шара соңында бата берілді.
«Наурыз – көктем, шуағын сепкен» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Азатгүл Жасұланқызы библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді.