«Book start»
2024 жылдың 25 ақпаны күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы оьлыстық жасөспірімдер кітапханасы №6655 әскери бөлімінің сарбаздары арасында «Book start» оқырмандармен топтық ойын өткізді.
Мақсаты: Жастарды оқуға деген қызығушылықтарын ояту, ерте жастан кітап пен оқырман арасында байланыс орнату.
Шара ойын түрінде өтті. Сарбаздар 3 кезеңнен тұратын ойын барысында поэзия оқып, «Әуенін тап» жасырылған әуенді табу және логикалық сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге әсем ән айтылып, кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге Аяжан Утепбергенова библиографиялық шолу жасады.