2022 жылдың 11 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Қалалық көркемсурет лицейі-клуб ЮНЕСКО-ның педагогі, суретші, ши тоқу шебері Таженова Лэйла Мырзалиевна мен этностильде киім тігетін дизайнер Роза Бисекеновамен «Өнерлі істе жеміс бар» атты шеберлік сағатын өткізді.
Мақсаты: Көпшілік қауымды қазақ ұлттық қолөнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, оның халықтың салт-тұрмысында алатын орнының қаншалықты маңызды екендігін ұғындыру, қолөнершілердің шығармашылығын насихаттау, олардың еңбектерін көпшілікке таныстыру.
Іс-шара барысында суретші, ши тоқу шебері Таженова Лэйла Мырзалиевна мен этностильде киім тігетін дизайнер Роза Бисекенова өздерінің қызығушылықтары, алға қойған мақсаттары жайында айта келе, ұлттық қолөнер ерекшеліктерін, оның түрлері мен қолөнерге қосқан өзіндік үлестері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ шеберлер өздерінің жасаған бұйымдарын көрсетіп, ши тоқу, ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің жасалу жолдарымен таныстырып, шеберлік сағатын өткізді. Шараға қатысушы оқырмандар мен жастар қазақтың кесте өнері, ою-өрнек, әшекей бұйымдарының қалай жасалатыны жөнінде өз ойларын ортаға салды. Қолөнер шеберлеріне сұрақтар қойылып, әсем ән шырқалды. «Сырғалым» эстетикалық клубының қатысушылары үшін әрбір осындай кездесу бір-бірімен тәжірибе алмасады, шеберлік құпияларымен бөліседі. Қолөнердің жаңа түрлерін игереді, шеберлік сабақтарын өткізеді және әртүрлі тақырыптар бойынша сөйлеседі.
Шарада тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітап көрмеге кітапхана қорынан халқымыздың қолөнері, тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін бейнелейтін материалдар қойылып, қолөнер бұйымдары көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Шараға аналар кеңесінің мүшелері, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, «Сырғалым» клубының мүшелері мен оқырмандар қатысты.