19 шілде күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында заңсыз ойын бизнесі және лудоманияның алдын алу бойынша жастар арасында ақпараттық сағат өтті.
Мақсаты: Адамның ойынға тәуелділігін қалай анықтауға болатынын түсіндіру, жастарға құмар ойындардан аулақ болуды үйрету.
Шара барысында Ақтөбе облыстық тәжірибелік орталық Психологиялық – әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері психология ғылымдарының кандидаты Миралиева Айжан Жайсанқызы жастарға құмарлық ойынға тәуелділіктен құтылу, оның алдын алу мақсатында қандай шаралар қолдану керектігі жөнінде пайдалы ақпараттар берді.
Жастардың сұрақтарына жауап берді. Көбінесе ойын автоматтары, лотореялар зиянсыз, стрессті басатын ойын-сауық сияқты көрінгенмен, бұл үлкен ойын құмарлыққа апаратын жол екендігін түсіндірді.