2022 жылдың 6 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Жасөспірім және құқық» атты құқықтық сағатын өткізді.
Мақсаты: Жастарға құқықтық тәрбие жайында толық мағлұмат беру, әр баланың мінез-құлық ерекшеліктеріне сай қоғамда өзін-өзі ұстауы, үлкенге құрмет көрсетуі, құқық бұзбау әрекеттері жөнінде ой бөлісу. Мемлекетіміздің заңдарына бағына отырып, оны құрметтеп, жауапкершілік сезімдерін арттыруға тәрбиелеу.
Шара барысында жасөспірімдерге адам құқығы жөнінде толық мағұлмат берді. Кітапхана қызметкерлері жасөспірімдердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңесін ұсынды. Жастар адамгершілік, адам өмірі мен құқығы туралы сұрақтарын қойып, талқыланып, керекті ақпараттар ой талқыға түсті. Шараға қатысқан студенттер «Өз құқықығыңды білу міндетің» атты сұрақ-жауап ойынына белсене қатысып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларға байланысты қандай іс-әрекеттер жасайтыны жайлы ойларын ортаға салды.
«Құқық өмір айнасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана қорында сақталған, әдебиеттер, газет-журналдар, мақалалар көпшілік назарына ұсынылды. Тақырыпқа сай слайд көрсетілді. Шараға колледждің кітапханашылары мен студенттері қатысты.