2022 жылдың 12 сәуірі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Дәстүрге жол» жобасының жетекшісі, танымал актриса Айнұр Жүгінісовамен «Дәстүрге жол – бабалар аманаты» атты кездесу кешін өткізді.
Мақсаты: Жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау. Ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық киіміміз бен тілімізді жүйелі жаңғыртып, жастарға дұрыс тәрбие беру.
Кеш барысында «Дәстүрге жол» жобасының жетекшісі, танымал актриса Айнұр Жүгінісова атадан қалған мұрамыз салт-дәстүр, әдет-ғұрпымыз, қазақ әйелдерінің киелі бас киімі кимешек пен қазақи нақыштағы киімдеріміз жөнінде әңгімеледі. Сонымен қатар Айнұр Жүгінісова «қыз бала тәрбиесі», «отбасы сыйластығы» және «ұлттық құндылықтар» жайлы тәрбиелік мәні бар ақпараттарымен бөлісті. Кешке қатысушылар мен оқырмандар ұлттық дәстүрлер, құндылықтар жайлы сұрақтар қойып, аналардың елдікке қызмет ететін құндылықтары жайлы мағлұмат алды. Облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері Құралай Әленова мен Қуанышгүл Серікбаева әсем ән шырқады.
Шара барысында «Салт-дәстүр – асыл қазына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Айнұр Нұрсайынқызы көрмеге библиографиялық шолу жасады. «Дәстүрге жол» слайды көрсетілді.