10 шілде күні белгілі ақын Әкімәлі Қаржауұлыныңшығармашылығына арналған әдеби-виртуалды сағат өткізілді.
Мақсаты: жастарға өлкемізден шыққан ақынның өмір жолымен оның шығармаларын насихаттау, ол туралы мағұлмат беру.
Әкімәлі Қаржауұлы 1927-1928 жылдары губерниялық «Кедей» газетінің жұмысына белсене қатысып, өзінің өлеңдері мен мақалаларын үзбестен жариялап тұрған, басылымның елдегі штаттан тыс тілшісі болған. Ол өзінің мақалаларында бұқара халықты өнер-білімге, еңбекке шақырып, жақсылыққа үндеген.
Кітапханашы Шырайлым Құдасова инстаграм парақшасында ақын туралы ақпаратпен бөлісіп, шығармаларымен таныстырды.