2024 жылдың 15 мамыр күні сағат 14.30-да C.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы лирик ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өлкеміздің ақын-жазушыларының қатысуымен «Сағи жыры санамызда тұр сайрап» әдеби кешін өткізді.
Мақсаты: ақын С.Жиенбаевтың өмірі мен шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау.
Кеш қонақтары: Жақсылық Айжанов – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, телевизия саласының ардагері; Еркін Жолмырзаұлы Құрманбек – «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері; Нұрдәулет Алдашев – филолгия ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы; Сәтжан Дәрібай – ақын, «Ақтөбе» облыстық газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ҚР ақпарат саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері; Есентүгел Әзи – ақын, Философия ғылымдарының докторы; Амангелді Қонақбаев – Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы; Нұрбол Сәдуақасов Әділлаұлы – филолгия ғылымдарының кандидаты, доцент және т.б. зиялы қауым өкілдері.
Әдеби кеш барысында ақын-жазушылар өз заманының шындығын жырына арқау еткен ақын С.Жиенбаев жайында әңгіме өрбітіп, ой-толғаныстарын айтты. Сондымен қатар Еркін Жолмырзаұлы 2000 жыл – мәдениетті қолдау жылы деп жарияланып, облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық жасөспірімдер кітапханасына көрнекті ақын Сағи Жиенбаевтың атын беруді ұсынғанын, оның ұсынысы қабылданып, шешім шыққанын айтты. Сондай-ақ суретші-портретист Есет Исмановқа Сағидың әдемі портретін салғызып, кітапханаға сыйлағанын әңгімелей отырып, Сағи жайында естеліктермен бөлісті. Ақындар С.Жиенбаевқа жазған арнау өлеңдерінан жырласа, ал Ақтөбе гуманитарлық жоғары колледжінің студенттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Кітапханада Сағи Жиенбаевқа арналған «Ердім бір сиқыр қаламға…» тақырыбында өзінің туындыларынан көрме жасақталып тұр. Көрме үнемі баспасөз материалдарымен, әдістемеліктермен толықтырылып тұрады.