2024 жылдың 20 маусымы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының бастауыш класс оқушыларына «Кітаппен серуен» квест ойынын ұйымдастырды.
Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, тапсырмалардың шешімін оңай және жылдам шешуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Жазғы демалысты тиімді өткізу.
Ойын барысында балалар пазл құрастыру арқылы кітап кейіпкерлерін тауып, әдеби сандықшада жасырылған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар спорттық ойындар ойнап, кітапханаға саяхаттап, керемет көңіл-күймен тарқады.