2023 жылдың 22 қыркүйегі күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжімен бірлесе «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңселі еңбек – ел ертеңінің кепілі» атты ақпараттық сағатын өткізді.
Мақсаты: Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; Жастардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында түрлі саланың мамандықтарына құрмет көрсету туралы, сондай-ақ адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке туралы ақпарат берілді. Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің КТХ-305,315 топ студенттері кітаптар шеруін жасап, өлеңдер оқыды.
Тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Шараға мектеп кітапханашылары мен Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің студенттері, оқырмандар қатысты.