2022 жылдың 4 наурызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Шапағат» қайырымдылық клубының мүшелерімен бірге көктем мейрамы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Ана –мәңгілік шуақ төккен ғасырларға» атты мерекелік кеш өткізді.
Мақсаты: Жасөспірімдерді ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу. Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында аналарымызға, қыздарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері құттықтау сөзбен бастап, аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар «Қызыл телпек» ертегісінен қойылым қойып, ән айтып, биледі. Балалар сөзжұмбақ, ребус шешіп, ойындар ойнады.
Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы әдебиеттерден. «Аяулы ана – бақытты бала» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың бөлім меңгерушісі Ләззат Сағындыққызы библиографиялық шолу жасады.