Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Төлен Әбдікұлының көркемдік әлемі»

2023 жылдың 26 қыркүйегі күні сағат 11.00-де .Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында қазақ жазушысы, драматург Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Төлен Әбдікұлының көркемдік әлемі» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: жазушының ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларын көпшілікке насихаттау.

Шараны жүргізген кітапхана қызметкері Динара Жусупова жазушы Төлен Әбдіктің әдеби мұрасымен таныстырып, өмір жолы мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді. Әдеби сағатқа жиналған оқырман қауым әдебиет, адамгершілік, ізгілік, төңірегінде ой бөлісті. Сондай-ақ логикалық сұрақтар қойылып, оқырмандар жауап берді.

«Болмысы бөлек тұлға» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Жазушы Төлен Әбдік жайында бейнебаян тамашалады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС