Клубтың мақсаты:
-Қыз баланың сана-сезімін жоғары рухани ойлауы терең мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол еңбекқор етіп тәрбиелеу;
-Қыз баланың бойына қазақ халқының салт-дәстүрін, өнерін, ұлттық құндылықтарын насихаттау;
-Қыздарымыздың эстетикалық талғамын ұштау, талғампаздыққа, әсемдікке тәрбиелеу;
-Салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
-Бос уақыттарын пайдалы және көңілді өткізу;
-Ең бастысы кітап оқуға, кітапхананың тұрақты оқырманы болуға тарту;
– Өнерлі жастарды іздеу, көпшілікке тару;
-Өз бетімен ізденуге, зерттеуге қызығушылығын туғызу;
-Жастарға қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін, мәдениетін, өнерін жан-жақты үйрету;
Бағыты:
-шығармашылық;
-ұйымшылдық;
-қызығушылық;
-ізденушілік;
-тәрбие беру бағыты;
Клубтың ұраны: «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле»
Әсемдік функциясы: Тәрбиелік мәні бар қарым-қатынас жасайтын орта құру