Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасы 1979 жылы СОКП Орталық Комитетінің 1974 жылғы 8 мамырындағы «Еңбекшілерге тәрбие беру және ғылыми техникалық прогресті күшейтудегі кітапхана ролін дамыту» мақсатында қабылданған қаулысына орай жасөпірімдермен кітапхана библиография мәселелері жөніндегі жүргізілетін жұмысты өрістетіп, облыстың барлық кітапханаларына арналған әдістемелік және практикалық орталық ретінде құрылды. Мекеменің тұңғыш директоры болып Сағым Досымқызы сайланып, кітапхана тарихында өз үлесін қоса білді. Кітапхана жылдан-жылға білікті мамандар мен толыға түсті. Әртүрлі жастағы және еңбек өтілдері түрлі мамандар қітапхана қызметіне белсене араласып, кітапхананың тік тұрып кетуіне орасаң еңбек етті. Алғашқы жылдары кітапхананың негізгі мақсаты кітап қорын толықтыру және оқырмандарды кітапханаға тарту болды.Кітапхана оқырмандары 15-21 жас арасындағы студенттер, оқушылар және жұмысшы жастар, педагогтар, жастар проблемасымен айналысатын мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері болды. Кітапханада оқу залы, Интернет залы, абонемент, өнер әдебиеттері, әдістеме-библиография, толықтыру бөлімдері қызмет көрсетті.

Алғаш кітапхана ғимараты ДСК мекен жайында орналасса, бертін келе кітап қорының көбиуіне байланысты Мира – 5 мекен жайында орналасқан 2 бөлмелі үйге көшкен. Кітапхана қызметкерлері қанша қиыншылықты өткерседе өз жұмыстарын адал атқара отырып, жастарды кітап оқуға баулып, отаншылдық тәлімі зор шаралар ұйымдастырып кітапхана жұмысын жандандырған.Оқырмандарды көбейту мақсатында кітапхана қызметкелері әртүрлі шаралар ұйымдастыра отырып мектептерге, жоғарғы және арнаулы оқу орындары арасында патриоттық тәрбие сағаттары, апталықтар өткізіп,  жастарға кітапхананы таныстырып, жылдан-жылға оқырман санын көбейткен. Облыстық жасөспірімдер кітапханасы алғаш «Құрдастар» клубын ашып жастардың қызығушылығын оятқан. Ол СПТУ-5 оқу орнында ашылған. Бұл клуб әлі күнге дейін жұмыс жасап келеді.Клубтың негізгі мақсаты жастарды отан сүйгіштікке, елін құрметтеп, қастерлеуге, кітап оқып білімі мен біліктіліктерін ұштау.

Өлкеміздің танымал зиялы адамдарын таныстыру мақсатында 1989 жылдан бастап кітапханада «Қөңіл күнделігі» деген атаумен жыл сайын ақын –жазушылардың шығармаларын бастырып отырды. Көптеп әр түрлі әдістемелік құралдар басылып отырды. Соның ішінде тарихи, өлке тану, тарихи тұлғаларды таныстыру мақсатында әдістемелік құралдар жазылды.

Ақтөбе облыстық  жасөспірімдер кітапханасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 16 ақпан №257 қаулысымен жерлес ақын Сағи Жиенбаевтың есімі  берілді.

2014 жылы ақын Сағи Жиенбаевтың 80 жылдығына және кітапхананың 35 жылдығына орайластырылып,облыс әкімдігі тарапынан, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама  басқармасының қолдауымен мекемеге өз алдына дербес ғимарат берілді. 2015 жылдың қаңтар айында кітапхана жаңа мекен-жайға Ақтөбе қаласы, Прохоров көшесі 11 үйге қоныс аударды.

Облыстық жасөспірімдер кітапханасы жасөспірімдерге кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырып жүзеге асыратын  сондай – ақ жастарды тәрбиелеуге, білім  беруге, демалысын ұйымдастыруға ықпал ететін мәдени – ағарту әрі ғылыми – ақпараттық мекеме, рухани орда.Мекеме соңғы талапқа сай заманауй жабдықтармен жабдықталған.

Кітапхана құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін жоғарғы деңгейде жұмыс жасап, ауқымын күннен – күнге кеңейтіп келеді.Заман ағымына қарай ақпараттық технологиялардың даму қарқыны болашақ жас ұрпақтың  дүниетанымдық аясын кеңейтіп отыр.Оқырман жастарымыздың талабы да заман талабына сәйкес өте жоғары дамып келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің “2021-2025 жылдарға арналған креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы” тапсырмасын орындау бойынша өңір басшысының қолдауымен, «Самұрық – Қазына» әл – ауқат қорының демеушілігімен кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылы 30 мамыр күні жастардың бос уақыттарын пайдалы өткізуіне ықпал ететін, шығармашылық және зияткерлік қабілетті дамытуға зор мүмкіндік ашатын, мекеме ретінде сәнді заманауй үлгіде қайта жаңартылып  ашылды.   

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС