Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Жамбыл және Ұлы Отан соғысы»

2023 жылдың 20 қаңтары күні сағат 11.00-де Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейімен бірлесе Ұлы Отан соғысы кезіндегі Ленинград қоршауының аяқталған күніне орай «Ленинградтық өренім» атты тарихи-танымдық шарасын өткізді.

Мақсаты: жастарға, болашақ ұрпаққа тарихи күнді насихаттау. Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.

Шара барысында отты жылдарды жырларымен жауынгерлерді, халықты рухтандырған ақын Жамбыл Жабаевтың өлеңдері оқылып, Ж.Жабаев атындағы әдеби мемориалды музейінің дайындаған бейнеролигі мен музей экспозициясы таныстырылды. Сонымен қатар кең көлемдегі «Жамбыл және Ұлы Отан соғысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Айнұр Нұрсайынқызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС