Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мағжан мұрасы – мәңгілік қазына»

2023 жылдың 12 қыркүйегі күні сағат 10.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспрімдер кітапханасы №34 орта мектебінің 10 класс оқушыларының арасында ақын, алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжан мұрасы – мәңгілік қазына» атты ақпараттық сағатын өткізді.

Мақсаты: Мағжан Жұмабаев мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу.

Іс-шара аясында кітапхана қызметкері Аяжан Утепбергенова оқушыларға ақынның өмірі мен еңбек жолын айта отырып, шығармалары, еңбектері туралы мағұлмат берді. Сонымен қатар 10 класс оқушылары Жұлдызай Алпамысова, Мөлдір Музиева, Дильнара Мубараков, Медина Шандозова  ақынның өлеңдерін жатқа айтты. Балаларға «Сұрақ-жауап», «QR» ойыны ойнатылып, ақпараттық сағаттың соңында оқушылар ойларын ортаға салды.

«Мағжан мұрасы – мәңгілік қазына» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС