Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Бірге талқылайық» Book cafeteria

2023 жылдың 3 тамызы күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы кітапхана оқырмандарына «Бір ел-бір кітап» республикалық акция аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Бірге талқылайық» Book cafeteria өткізді.

Мақсаты: Төлен Әбдіктін шығармаларын оқырмандарға насихаттау. Жасөспірімдердің әдебиетке, поэзияға деген қызығушылығын ояту.

Іс-шарада Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар оқырмандарға «Оң қол» әңгімесі ұсынылды. Балалар шығарманың мазмұнын кезеңдерге бөліп, әдеби талдау жасап, әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме берді. Оқушылар әңгімені талқылай отырып, өз тұжырымдарын жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС