Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Мақал – сөздің мәйегі»

2023 жылдың 26 қаңтары күні сағат 17.00-20.00 аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «YMYRTTAGY KITAPHANA» әлеуметтік-мәдени шарасының аясында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге мақал-мәтелдердің мағынасын ұғындыру, өмірде қолданылатын орнын атап өту. сөздік қорын молайтуға, мәнерлеп сөйлеуге үйрету.

Шараға кітапхана ісінің ардагері Айсара Айтуғанова, «Алақай» қуыршақ театрының қызметкерлері Абай Қаржаубайұлы мен Данияр Нұрадинұлы және №33 орта мектебінің оқытушылары мен оқушылары, кітапханашылар, оқырмандар қатысты.

Шара барысында қатысушылар 3 топқа бөлінді. Сайыс 5 айналымнан тұрады. Әр кезең арасында қатысушылар «Библио кафеде» қонақ болды. Бірінші кезең бойынша берілген сөздерге қатысушылар мақалдарды айтып сайысқа түсті. Екінші кезеңде берілген мақалдардың мағынасын ашып, өз ойларымен бөлісті. Келесі кезең бойынша қатысушылар мақалдардың дұрыс бұрысын тауып, жылдамдықпен сайысқа түсті. Қатысушылар мақалдың құралған мағынасына қарай бұрысын ажырата білді. Сондай-ақ қатысушылар берілген кітаптардың тақырыптарына қарай өздері де мақал құрастырды. Бұл кезең қатысушылар үшін қызықты әрі көңілді өтті. Әр кезең бойынша берілген балл көрсеткіштерін  есептеп, сайыстың белсендісін марапаттады. Кітапханамыздың жобасы «Библио кафеде» кітапхана ісінің ардагері Айсара апай, «Алақай» қуыршақ театрының қызметкерлері Данияр Сағидуллаев, Абай Орынбай қатысып, қонақ болды. Олар әдемі лирикалық өлең оқып, өздерінің қызықты естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар «Тәрбиенің тал бесігі – мақал» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге кітапхана Гүлнұр Ергенқызы библиографиялық шолу жасады.

БІЗДІҢ БАЙЛАНЫС