2017 жылдың 9 маусымы күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Болашаққа жол салған ЭКСПО-2017» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жастарды еліміздің жетістіктерімен таныстыру. «ЭКСПО-2017» жобасының тарихы мен мақсаты туралы айта отырып жастардың дүниетанымын кеңейту.
Қазақ елі үшін биыл айтулы жыл. 2017 жылғы 10 маусымда «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме өз есігін айқара ашады. «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуында үлкен қадам болмақ. Көрмеге әлемнің 100ден аса елі мен 10 халықаралық ұйымнан 5 миллионға жуық адам қатысады. Бұл қазақ тарихындағы ең ірі жоба. Бұл біздің еліміз үшін жаңа энергетикалық және «жасыл» технологиялар алуда аса зор мүмкіндік.
Ұымдастырылған кітап көрмесіне баспасөз басылымдарының материалдары қойылды. Кітапханашы Махамбеталиева оқырмандарды кітап көрмесімен таныстырып шолу жүргізді. Оқырмандар назарына «ЭКСПО-Бүкіләлемдік көрме» атты слайд оқырмандар назарына ұсынылды. Шараға кітапхана оқырмандары мен кітапхана қызметкерлері қатысып, шара соңында барлығы бірге флешмоб биледі. Аталмыш кітап көрмесі 10 маусым күні сағат 18.00 де Тұңғыш Президент атындағы саябақта жалғасады.