2017 жылдың 30 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында сағат 10.00-де Ақтөбе облысының 85 жылдығына және Саяси қуғын – сүргін оқиғасының 80 жылдығына орай баспасөз –конференциясы және «Ақтөбе тарихы мол – айбынды өлке» аттыдөңгелек үстел өткізілді.
Шара қонақтары: Бекарыстан Мырзабеков- тарихшы-өлкетанушы, «Әбілхайыр хан» мемориалдық музейінің меңгерушісі; Балдығарина Роза Баянқызы - мәдениет саласының ардагері, өлкетанушы; Ешмұратова Бақытгүл Жақсымұратқызы - Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағатынының құжаттарды пайдалану және жариялау тобының меңгерушісі; Есбосынов Қылышбай - зейнеткер: Ізбасарова Алмагүл Ғабдолқызы-Ішкі істер саласындағы ақпараттық-аналитикалық орталықтың аға инспекторы; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің тарихшылары, сонымен қатар Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Елбасының Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Тарих өрісіне орай, біздің республикамыз миллиондаған кеңестік азаматтардың жер аударылған мекеніне айналған. «Халық жауларын» анықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілген.
Дөңгелек үстел барысында тарихшылар сол кездердегі қатігез саясат нәтижесінде саяси қуғынға ұшырағандар мен олардың қасірет шеккен туыстары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар өлкеміздің қуғын-сүргін құрбаны болған зиялы азаматтары Қ.Жұбанов, Т.Жүргенов, Ұ.Құлымбетов т.б.жөнінде тереңірек ой қозғады. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі А.Адаханова әсем әнімен көпшілікке көңіл-күй сыйлады. Кітапхана оқырмандары А.Рысқалиева, Б.Қалды өлеңдер оқыды.
Қатысушылар «Қазақ қасіреті» атты деректі фильмді тамашалады. «Тарих бетіндегі қасіретті жылдар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Саяси қуғын – сүргін құрбандары болған алашордашылар және қазақ зиялыларының өкілдері туралы кітаптармен газет - журналдар қойылды. «Ел тарихы тартқан тауқымет-ұмытылмас қасірет» атты слайд көрсетілді. «Зұлмат жылдар жаңғырығы» деген атпен зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлерінен көрме жасалды.