«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» кітап көрмесі

15.05.2017 00:00 Администратор
Печать

2017 жылдың 15 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты:Ұлы Жібек жолының орталығына айналған Түркістан қаласының тарихы мен мәдениеті мен таныстыру, ақпарат беру.

2017 жылы Түркістан қаласы-түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды. Өйткені Түркістан мәдени жағынан қарқынды дамып келеді. Ол жерді барлығы түбі бір түркінің бәрі тәу ететін Қожа Ахмет Иасауидің елі ретінде құрмет тұтады. Сонымен қатар бұл жер тарихи орындармен ескеркіштерге бай орын.

Кітап көрмесіне С.Бизақовтың «Түбі бір түркілер», Н.Келімбетовтың «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері», «Түрік шежіресі» тағыда басқа кітаптар мен газет-журналдар қойылды.

Көрмені кітапханашы Құрымбаева Лариса таныстырып, еліміздің мәдениеті, тарихы, Түркі дүниесінің басын одан әрі біріктіруге үлес қосатын Түркістан қаласы жөнінде ақпарат берді. Кітап көрмесі жыл аяғына дейін жалғасын табады.