С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 2017 жылдың 12 мамыр күні сағат 1100-де Әйтеке би аудандық кітапханасымен бірлесе «Сырлы ақынның нұрлы жырлары» атты Сағи оқуларын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты–С.Жиенбаевтың есімін оның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жастардың қазақ поэзиясына, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Сағи өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Шараға қатысқандар: М.Аяғанұлы - Әйтеке би аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы; Г.Н.Қалдина - Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры; Г.Е.Қоянбаева – Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры; Хамидуллина Бақтыгүл, Бөлтекова Ляззат, Есалинова Айнель - Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері және поэзия сүйер оқырман қауым.
С.Жиенбаев поэзиясының тәрбиелік мәні зор. Онда туған жерді қастерлеу, Отанды сүю, еңбекке баулу, адамгершілік, табиғат әсемдігін сезіне білу т.б. түрлі алуан тақырыптарға жазған өлеңдері жыр болып шашылуда. Ол көптеген жыр кітаптарының авторы.
Шара барысында ауданның поэзияға жаны құмар жасөспірімдері ақынның өлеңдерін жатқа айтып берсе, ал кейбір шығармашыл жастар ақынға арнау өлеңдерін оқыды. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері ақын өлеңдерінің желісі бойынша көрініс көрсетті. Аудандық Т.Жүргенов атындағы мектептің оқушылары Н.Әкімжан, А.Мұқатайқызы, А.Сәлімова «Қайран шеше» монологын оқыды. Алматы қаласында тұратын Сағи Жиенбаевтың зайыбы Өзипа апайдың естеліктерінің бейнебаяны көрсетілді.
«Сағидың сырлы әлемі» атты кең көлемде кітап көрмесі әзірленді. Көрмеге ақынның барлық туындылары және ол туралы әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды.
Кеш барысында Әйтеке би ауданындағы саз мектебінің оқушылары С.Жиенбаевтың сөзіне жазылған әндерді шырқап, би биледі. Жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Н.Калдина шараны қорытындылап, қатысқан студенттерге алғыс хаттар табыстады. Сонымен бірге Әйтекеби аудандық кітапханасына Сағидың бір кітабын және «Өлең кернеп барады жүрегімді» атты жастардың оқылуындағы ең таңдаулы 80 өлеңі енгізілген аудио үнтаспаны сыйлады.