«Елді қорғар ерің бар» мерекелік кеш

05.05.2017 00:00 Администратор
Печать

5 мамыр күні сағат 12.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 25 жыл толуына орай «Елді қорғар ерің бар» атты мерекелік кеш өткізілді.

Шараның мақсаты: Отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін қорғау бүгінгі таңда әрбір Қазақстандықтың қасиетті борышы екенін ұғындыру.

Отан қорғаушы күні - Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. 1992 жылғы 7 мамырда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді.

Кеш барысында қазақ ақындарының патриоттық өлеңдері оқылып, ұлттық рухты оятар әндер айтылды. Кітапхана қызметкерлері кітапхананың ерлер ұжымына арнау әндер айтты. Л.Құрымбаева, А.Есалинова, Г.Бопилова әскери өмірден күлкілі қойылым қойып көпшіліктің көңілін көтерді. Ұжым қызметкерлері арасында қызықты ойындар ойнатылды.

Сонымен қатар тақырыпқа сай слайд көрсетілді. «Ерлік елге мұра» атты кең көлемдекітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге «Қазақстанның әскери тарихы», «Орлята президента», «Айбын», «Менің Отаным Қазақстан», тағыда басқа кітаптар қойылды. Кітапхана директоры ер азаматтарды құттықтап, естелікке сыйлықтар табыстады. Шара соңында қатысушылар естелікке суретке түсіп, мерекелік дастарханнан дәм татты.