«Елбасы мақаласы-жас ұрпаққа бағыт береді»

25.04.2017 11:03 Администратор
Печать

2017 жылдың 25 сәуірі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Елбасы мақаласы-жас ұрпаққа бағыт береді» атты тақырыптық сағат өткізілді.

Мақсаты: Елбасының Қазақстан халқына жариялаған мақаласын насихаттау, Н.Назарбаевтың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабылетін, ұшан-теңіз еңбегін халыққа жеткізу.

Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі-ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ал мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс дейді Н.Назарбаев.

Шара барысында кітапхана қызметкері Хамидуллина Бақтыгүл Ел  басшысының бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, прагматизм және т.б. жаңғыртулар бір­неше бағы­тын айтып өтті. Қатысушылар барлық мәнді өзекті  тақырыпта  пікірлерімен  бөлісті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.