«Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» атты әдеби кеш

20.04.2017 00:00 Администратор
Печать

20 сәуір күні сағат 11.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында жазушы, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері Қажығали Мұханбетқалиұлының шығармаларына арналған «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер» атты әдеби кеш өткізілді.

Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетіне деген жастардың ынтасын арттыру, Қ.Мұханбетқалиұлының шығармашылығымен таныстыру.

 

Шара қонақтары: Нұрлыбек Амандәулетұлы Қалауов - ақын, «Жас ақындар» мектебінің жетекшісі, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Жақсылық Айжанов – журналист, ақын, телевизия саласының ардагері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі; Тимур Үбішев Жұбанышұлы - Ақтөбе облысы Әділет Департаментінің интеллектуалдық меншік құқықтары бөлімінің бастығы; Гүлжайнар Қалдина - С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының дректоры. Сонымен қатар №47 мектеп оқушылары, «Болашақ» көпсалалы колледж студенттері қатысты.

«Оқитын өлке» облыстық акциясы аясында биыл жергілікті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Қайдасың сен махаббат» кітабы оқуға таңдалды.

Қ.Мұханбетқалиев 1942 жылы Байғанин ауданында туылған. Жазушының «Жұлдызды түндер», «Тоғай сыбдыры», «Жаңғырық», «Старые друзья», «Қайдасың сен махаббат», «Сырым Датұлы», «Тоғысар арнамыз бір толғағанда», «Тар кезең» атты кітаптары жарыққа шыққан. Сонымен қатар шет ел жазушыларының кітаптарын қазақшаға аударған.

Шара барысында Қ.Мұханбетқалиұлының сұхбатынан бейне баян көрсетілді. Кітапхана қызметкері жастарға «Оқитын өлке» облыстық акцияның мақсатын түсіндіре келе, қаламгер туралы ақпарат берді. Кешке қатысқан қонақтар Қ.Мұханбетқалиұлы туралы әңгіме қозғап, ой бөлісті, қызықты шығармаларының мазмұнына тоқталып айтып отырды. Облыстық филармонияның әншілері ән шырқап, кітапхана қызметкерлері жазушының «Жөке атай» шығармасынан көрініс көрсетті. Кітапхана оқырмандары Қызыл Динара, Мұрат Адина, Рамазанова Нұрай ақын С.Жиенбаевтың Д.Есенбайдың, Н.Қалауовтың өлеңдерін оқыды. Жиналған қауым «Киелі жем өңірінің төл перзенті» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты. Көрмеге жазушының кітаптары мерзімді басылымдар қойылды.