«Ұлт болашағы –дені сау ұрпақтың қолында» атты танымдық кеш

Администратор
Печать

2017 жылдың 6 сәуір күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Ұлт болашағы –дені сау ұрпақтың қолында» тақырыбында танымдық кеш өтті.

        Шараның негізгі мақсаты: Жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

         Кешке ТОО «Арасан-Ақтөбе» медициналық орталығының дәрігері- Қарымсақова Несібелі Сақтағановна; Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігері- Ермағамбетова Ғани Садуақасовна; №1 қалалық емхананың дәрігері – Тереков Абдрахман Ембергенұлы; №34 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы- Отарбаева Перизат Салжановна; Ақтөбе политехникалық колледжінің және «Автожол» колледжінің студенттері қатысты.

        Салауатты өмір сүрудің артықшылығы, зиянды әдеттерден жан-жақты сақтандыру, қоғамдағы әрбір саналы азаматтың борышы дей келе - медицина қызметкерлері жастарға көптеген мәлімет бере алды. Дәрігер Тереков Абдрахман нашақорлықтың шылым шегудің, ішімдік ішудің тағыда басқа зиянды заттардың тұңғиыққа апарар жол екенін ұғындырды. Адамның денсаулығы көбінесе немен, қалай тамақтанатынына байланысты болады. Тамақ ішу гигиенасы жөнінде ТОО «Арасан-Ақтөбе» медициналық мекемеден келген Қарымсақова Несібелі қызықты етіп айтып берді. Сонымен қатар шылым шегудің адам ағзасына қалай әсер ететіндігін іс-тәжірибе жасау арқылы көрсетті.

Кешке жиналған студенттер сұрақ қойып, көкейкесті мәселелерді ортаға салды.

Шараға «Салауатты ұрпақ-ұлт байлығы» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оған Ә.С.Субханбердинованың «Есірткі – қазіргі заман кеселі», Л.М.Барденштейннің «Алкоголизм, наркомании, токсикомании», Б.К.Торгаутовтың «Жалпы гигиена» және т.б. кітаптар қойылды. Сондай – ақ, көрмеге «Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Саламатты өмір» журналдарында жарық көрген мақалалар қойылды. Көрмеге библиографиялық шолуды кітапханашы Есалинова Айнель жасады. Шара соңында «Денсаулық – өмір негізі» атты слайд көрсетілді. «Денім сау болсын десеңіз» атты дәйекті сөздердің көрмесі ұйымдастырылды. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның әншісі Алма Адаханова көңілді әндер айтып шараның жақсы өтуіне ат салысты.

Шараны кітапхана директоры Г.Н.Калдина қорытындылап, қатысушыларға өз алғысын білдіріп, жастарға зор денсаулық және жетістіктер тіледі.

Обновлено 07.04.2017 12:01