13 қазан күні сағат 15.00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері « Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ - түрік лицей интернатында «Бір ел – бір кітап» акциясында аясында «Сорғалаған нөсердей жырын тыңда Дулаттың» атты поэзия сағатын өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақ әдебиетіне деген ынталарын арттыру. Ақын Дулат Бабатайұлының шығармашылығымен таныстыру. Ақынның мұрасына жастардың назарын аудару.
2016 жылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша 19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – Дулат Бабатайұлының шығармалары қалың оқырманға жыл кітабы болып ұсынылды. Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгілерінен мол сусындап, көне ақын-жыраулар мұрасынан ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, нәр алып өскен ол өз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды.
Шараға лицей мұғалімдері және лицей кітапханасының меңгерушісі Утарбаева Гүлмира Бексұлтанқызы 9 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар ақынның терең де тағылымды өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Мұқанов Батырхан мен Тұрланов Азамат «Тырнақтай меңі болған соң», Аманбай Барақ «О, Ақтан жас, Ақтан жас», Алихан Айтуған «Асқар таудың сәні жоқ» атты туындылырын жатқа айтып, Лиман Нұрсұлтан «Еспенбет» поэмасынан үзінді оқыды. Сонымен қатар, Құрманғазының «Адай» күйін Аділет Айтқожа орындап, шараға қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлады. Дулат Бабатайұлына арналған деректі фильмдер мен слайд көрсетілді.
«Дуалы ауызды Дулат ақын» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне Қайнақаева Азатгүл библиографиялық шолу жасап, жастарды кітапханаға шақырды.

