«Қыран қанатты ақын» атты әдеби сағат

06.09.2016 11:36 Администратор
Печать

2016 жылы 6 қыркүйек күні сағат 11-00 де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Гуманитарлық колледж студенттерінің арасында қазақтың белгілі ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қыран қанатты ақын» әдеби сағатын өткізді.

Мақсаты: Қасым Аманжоловтың шығармашылық мұрасы­на жастардың назарын аудару, ақынның өмірі мен әдеби шығарма­шылығымен таныстыру. Жастардың поэзияға ынтасын арттыру.

Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Ауыл молдасынан хат таныған. Аманжолвтың тұңғыш өлеңі Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. Тұңғыш жинағы «Өмір сыры» 1938 жылы жарық көрді.

Шара барысында кітапхана қызметкері Бопилова Гүлшарат ақынның өміріне толығырақ тоқталып өтті. Мусағалиева Жазира, Оразова Ақжұлдыз, Қоянбай Нарқыз Қ.Аманжоловтың өлеңдерін оқыды.

«Қыран қанатты ақын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның барлық өлеңдері мен газет-журнал бетіне жарияланған оның өмірімен шығармашылығы туралы мәліметтер қойылды. «Қазақ аспанындағы – Қасым рухы» атты слайд, «Қасым-жүрек, Қасым - тағдыр» атты деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар студенттер арасында «Білгірлер бәйгесі» тақырыбында тест сұрақтары: сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Белсенді студенттер сыйлықпен марапатталды.