«Ұлтының ұлы – Ұзақбай» атты кеш

05.09.2016 00:00 Администратор
Печать

С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерім- нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласында өтетін Ырғыз ауданының күндері аясында Мемлекет және қоғам қайраткері Ұ.Құлымбетовтің туғанына 125 жылдығына арналған «Ғұмырын халқына арнаған қайраткер» атты танымдық шараға қатысып ат салысты.

 Өскелең ұрпақты тарихпен сусындатып өсіру , елі үшін құрбан болған ұлы тұлғаның рухани мұрасымен қауыштыру мақсатында өтілген шараға «Ұлтының ұлы – Ұзақбай» атты кітап көрмесін ұйымдастырып таныстырды. Арнайы әзірленген кітап көрмесінде «Ақтөбе»,«Ырғыз» энциклопедиясынан бастап, «Алаштың ардағы», Зәкіраддин Байдосовтың «Зұлмат пен үрей», «Үш бәйтерек», «Қазақ көтерілістері» т.б.   Алаш қозғалысына,қуғын – қатысты мәліметтер, кітаптар мен журналдар қойылды

Кітапхана қызметкері Арайлым Кенжебаева   Ұзақбай Құлымбетов – өткен ғасырдың 20-30 жылдарында Голощекиннің төңірегінде қалыптасқан партия, кеңес қызметкерлерінің бірі және бірегейі. Ақтөбе өңірінде мұғалімдік қызметті бастаған кезінен-ақ өзінің халқына қызмет етуді биік мақсат ретін­де қойған адам. – екендігін айтып баяндамасын жасады.

Шараға ҚР Мәдениет қайраткері - Еркін Құрманбеков, Ырғыз ауданының әкімі – Мәди Елеусізов,Өлке тарихының жанашыры, Ырғыз аудандық музей кеңесінің төрағасы - Нұрқасым Сарсенбаев, ардагер – Жансерік Таңқаев қатысып, Ұзақбай Құлымбетов туралы естеліктерін кейінгі ұрпақ жадында сақтап қалсын деген ниетпен әңгімелеп берді.

Ұзақбай Құлымбетов қуғын-сүргін жылдары өте ауқымды дүниелер жасаған. Бірақ оның еңбегі туралы көпшілік тым аз біледі. Сондықтан шара барысында қонақтар өздерінің зерттеулері мен тың деректерін ортаға салып, сол қасіретті жылдардан естеліктер айтты.

Қазақ тарихының беттеріндегі адамзат баласының есінен кетпейтін қастерлі парақтардың бірі-отызыншы жылдардағы зобалаң уақыт. Елім деп жылап туып, елім деп жылап өткен дарабоз тұлғалар. Туған ел үшін, туған жер үшін, туған Отан үшін олар жасап кеткен игілікті істердің барлығы – кешегі өткен тарих пен бүгінгі тарихтың сабақтастығы.Уақыт тілі ілгері жылжыған сайын отызыншы жылдардың құрбандарының ардақты есімдері бүгінгі ұрпақтың есіне жаңаланып, дараланып еске түсіріліп отыруға тиіс.
Елін сүйген, елі үшін күйген ерлердің есімі ел жадында. Солардың бірі – қазақтың қайсар ұлы – Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов.

 

Обновлено 06.09.2016 11:33