«Салауатты өмір-жарқын болашақ» денсаулық сағаты

24.08.2016 12:08 Администратор
Печать

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында 2016 жылдың тамыз айының 24 күні сағат 11-00 де «Салауатты өмір-жарқын болашақ» тақырыбында денсаулық сағаты өткізілді.

Мақсаты:жастардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру арқылы өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту.

Жастарға салауатты өмір сүрудің артықшылығын, зиянды заттардың тұңғиыққа апарар жол екенін айтып жан-жақты сақтандыру, қоғамдағы әрбір саналы азаматтың борышы.

Арақ, темекі, наша қолдану секілді зиянды әдеттерден аулақ болу туралы кеңінен әңгімеленіп айтылды.

Шара барысында кітапхана қызметкерлері темекінің зияны туралы көрініс қойып, Хамидуллина Бақтыгүл Ф.Оңғарсынованың «Дәрігер» атты өлеңін оқыды.

Үкіметтік емес ұйымның «Рух» атты қоғамдық қорының төрағасы Қажығалиев Жаңабай Қажығалиұлы темекінің зияны туралы ақпарат беріп өтті.

Сонымен қатар «Денсаулық – өмір негізі» слайды көрсетіліп, «Салауатты ұрпақ – ұлт байлығы» атты кітап көрмесі, «Халық даналығы» атты дәйекті сөздердің көрмесі ұйымдастырылды.

Шара соңында кітапхана директоры Қалдина Гүлжайнар Наренқызы қазіргі таңда денсаулыққа кері әсерін тигізетін сетевой компаниялардың көптігі, сол өнімдерді тексеріп отыратын орталықтардың жоқтығын айтып өтті.