Сенбідегі ашық аспан астындағы жазғы оқу залы

16.07.2016 00:00 Администратор
Печать

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың   16 шілдесі күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы саябақта қала тұрғындарына және қала қонақтарына, жалпы қалың оқырманға арнап жазғы оқу залын ұйымдастырды.

 

Шара жазғы демалыс кезінде оқырмандардың демалысы мен кітап оқуына жағдай жасау, қоғамды оқу процесіне кеңінен тарту және қалалықтардың бос уақытын пайдалы әрі қызықты өткізуіне мүмкіндік туғызу мақсатын көздеді.

Жазғы оқу залында Тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан кітаптар мен мерзімді басылымдардан кітап көрмесі жасақталды. Сонымен қатар «Алаш» қозғалысының лидері Юнеско көлемінде: Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына байланысты «Алаш арысы - Әлихан Бөкейханов» атты кітап көрмесі және биыл 5-21 тамыз Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында  өтетін Жазғы олимпиада ойындарына байланысты «Жалында, Олимпиада алауы» атты спорттың түрлерін, спорт саңлақтарын насихаттайтын кітаптар, газет- журналдар, арнайы «Рио-2016» жинақтар топтамасы оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар еліміздің рәміздері туралы «Желбірейді көк туым аспанында» атты кітап көрмесі, «Туған жерім құт-мекен» атты туған жер туралы кітаптар көрмесі, барлық саланы қамтитын кітаптардан тұратын «Кітаптар әлемінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл күні өткізілген шара Байғанин ауданының күндерімен тұспа-тұс келгендіктен кітапхананың кітап көрмесіне Ақтөбе облыс әкімінің орынбасарлары Асқар Биахметов, Ғали Нажмиденұлы Есқалиев; Ақтөбе қаласының әкімі Ильяс Сапарбекұлы Испанов; қала әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл, Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қыдырғали Мұқитұлы және Келдібай Еспағамбетов, Еркін Жолмырзаұлы, Назира Сәрсенбайқызы; С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры Марат Төлебайұлы, сонымен қатар Байғанин ауданынан келген қонақтар, ардагерлер мен жастар кітап көрмесімен танысып, көрмедегі кітаптарға өз қызығушылықтарын білдірді.

Ашық аспан аясында өткізілген кітап көрмесіне облыс, қала басшыларының қатысып, кітап көрмесін тамашалағаны кітапхана басшысы мен кітапханашылар үшін қуантар жайт болды.

Кітап көрмесі күндізгі сағат 15-00 ден, кешкі сағат 23-00 ге дейін ұласты.

 

Обновлено 20.07.2016 11:06